Баянауылдық этно-ансамбль елордада бас жүлдеге ие болды

Баянауылдық этно-ансамбль елордада бас жүлдеге ие болды
Суретті Баянауыл мәдениет үйі ұсынды

Астана қаласының төрінде «WORLD OF TALENT» I халықаралық көп жанрлы байқау фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өнер додасына еліміздің түкпір-түкпірінен он бір ансамбль қатысқан. С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығының «Аманат» этно-фольклорлық ансамблі бас жүлдеге ие болды.

–    Біздің ансамбльде бес адам бар. Олар домбыра, кахон, даңғыра, сусылдыр, шіңкілдек, тұяқ, шаңқобыз, құссайрауық аспаптарында ойнайды, – дейді ансамбль жетекшісі Мереке Олжатай.

Байқауда ансамбль белгілі композитор, көптеген аспапта еркін ойнайтын талантты музыкант Бауыржан Ақтаевтың «Алаш аманаты» шығармасын орындады. Сондай-ақ Дәулеткерейдің «Көроғлы», «Ақсақ құлан - Жошы хан», «Ер тұран», Мұрат Өскенбайдың «Жеңіс», Құрманғазының «Адай», қазақтың атақты күйшілері Қуаныш Нүкішевтің «Шабыт», Әбдімомын Желдібаевтің «Еркесылқым», Малғаждар Әубәкіровтің «Талас» және Атай Огонбаевтың «Машбатой» қырғыз күйлерін репертуарын дадайындаған.