Павлодарда Наурызнама аясында жас домбырашылар жарысты
Мәдениет пен салт-дәстүр күніне орай «Жігер» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында бөлім тәрбиеленушілері арасында «Күй тартыс» сайысы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Домбыраның күмбірлеген үні сахнаны тербеп, қатысушылар өз шеберліктері мен ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін паш етті.
Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені «Өркен» бөлімінің тәрбиеленушісі Санжар Қонақов иеленді. Жас ерекшеліктері бойынша жеңімпаздар: 7-10 жас – «Рақым» бөлімінен Сұлтанмахмұт Төлегенов, 11-13 жас – «Балшуақ» бөлімінен Іңкәр Қайырбай, 14-17 жас – «Рақым» бөлімінен Аружан Аннажар ие болды.
Еске сала кетейік, наурыз мерекесі Наурызнама онкүндігі форматында 14-23 наурыз аралығында ұйымдастырылады.
21 наурыз күні Павлодар облысының ауылдарында және 22 наурыз күні қала мен аудан орталықтарында кең көлемде атап өтіледі. Облыс бойынша бұл күндері жалпы 163 киіз үй құрылады.