Павлодарлық жыршылар жастармен кездесуде

Павлодарлық жыршылар жастармен кездесуде

Шара "Атадан қалған асыл сөз" тақырыбында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні аясында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханасында бірнеше бағытта рухани-танымдық шаралар өтті. "Атадан қалған асыл сөз" тақырыбы аясында жергілікті жыршылармен жастар арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Абайтанушы, жыршы Даниял Әсенов және оның шәкірті Павлодар қалалық №17 мектебінің 11-сынып оқушысы Айбек Ғалымжан жатқа көне жырларды оқып көпті таң қалдырды. 

- Жыршылық өнер ежелден келе жатқан көне ауыз әдебиетіміздің озық үлгілерінің бірі. Соңғы уақытта бұл өнердің ұмыт болып бара жатқаны қынжылтады. Бүгінгі әдеби шараға тек жастарды жинап ата дәстүрімізді насихаттаудың сыры осыда,-дейді С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Шолпан Шахметова.

Студенттер мен жоғары сынып оқушылары жырларды мұқият тыңдап, өнерпаздарға сұрақтарын қойды. Жүздесу барысында Абай, Мағжан шығармаларынан, Қобланды, Батыр Баян, Қыз Жібек жырларынан үзінділер оқылды.