Павлодарда Назарбаев даңғылы қазанның соңына дейін абаттандырылады

Павлодарда Назарбаев даңғылы қазанның соңына дейін абаттандырылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Орталық көшеде желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімі Хасар Хабылбеков қаланы аралау барысында Назарбаев даңғылы бойындағы Толстой көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстарын тексерді.

– Барлық дайындық жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта су құбырларын санациялау үшін құбырды тазарту жұмыстары жүріп жатыр, – деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында. 

Ол тұрғын үй инспекциясы бөліміне мердігер ұйыммен бірлесіп, барлық жұмыстарды, соның ішінде көшені абаттандыруды қазан айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.