Павлодарда республикалық театрлар фестивалі аяқталды

Павлодарда республикалық театрлар фестивалі аяқталды
Фото: автор

Фестивалдің үздік ұжымы анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Биыл Алаш қайраткері, қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалыптастырушылардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толып отыр. Тұлғаның мерейтойына орай Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында «Ертіс-Баян» I республикалық театрлар фестивалі өтті.

Жалпы фестиваль өз деңгейінде өтті деп санаймын. Павлодарлық тұрғындар театр өнерінің ең үздік туындылардың формаларын, идеяларын көріп, рухани ләззат алды. Театрлар мықты, өздерінің үздік қойылымдарын алып келген. Бүгін номинацияларды табыстайтын боламыз, дейді Ж.Аймауытов театры басшысының орынбасары Нұркен Тұрлыбек. 

Ал белгілі кино, театр әртісі, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театрының режиссері Дәурен Серғазин аталмыш іс-шараны шығармашылық тәжірибе алмасу деп санайды.

– Бұл фестиваль ең алдымен театралдар үшін мереке, мейрам. Келіп, әріптестерімізбен арқа-жарқа болып қайттық, Көбіне бұл жиынға жас режиссерлар келді. Фестиваль көп эмоция сыйлады, әділ қазы алқалары өз маманының үздіктері жиналған. Ертіс-Баян фестивальі жалғаса берсін, көркейе берсін, дейді Дәурен Серғазин.

Фестиваль қорытындысы бойынша, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры бірінші орынға ие болып, 1 000 000 тегңені иеленсе, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры бас жүлдеге ие болып, 1 500 000 теңгеге ие болды. Жиынға қатысушылар түрлі аталымдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.