Павлодарлықтар жаңа кітаптардың топтамасымен таныса алады
Биыл шығармалар жаңа форматта басылып шығады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасы абонемент бөліміне келіп түскен сан алуан қызықты, тартымды, жаңа кітаптар топтамасымен танысуға шақырады.
Баршанызға таныс қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» белгілі романы, Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» атты үш кітаптан тұратын «Көшпенділер» тарихи эпопеясы және т.б. жазушылардың тартымды жаңа үлгідегі, көркем суреттелген кітаптарын қайталап оқуға болады.
– Оқыған әрбір оқырман өзіне жақсы қасиеттерді дарыта алады. Бұл кітаптың адам өміріндегі рөлі міне, осында, – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, әлем әдебиетінен Американың тілінен аударылған Пьюзо Марио «Өкіл әке» Американың ең күшті қылмыс синдикаттарының бірі – Дон Корлеоне мафиясы кланының өмірін баяндайтын классикалық романы, Америка әдебиетінің жарық жұлдызы Фрэнсис Скотт Фицджеральдің «Ұлы Гэтсби» романы арман қуған жас жігіттің алдына қойған мақсатына жету жолындағы табандылығын баяндайды, неміс жазушысы Эрих Мария Ремарк «Батыс майданда өзгеріс жоқ» романы соғыс тақырыбына арналған шығармалардың ішінең ерекше орын алады, және т.б. авторлардың қазақ тіліндегі шығармаларын оқуға ұсынады.
Кітапхана қызметкерлері келіп түскен керемет кітаптар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсетініне сенімді.