Павлодарда сақтандыру төлемін алу туралы сот талабы қанағаттандырылмады

Павлодарда сақтандыру төлемін алу туралы сот талабы қанағаттандырылмады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі көлікке зақым келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азаматтың АҚ-нан сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Сот ШҚ аумағында «Wolwo FH» жүк көлігінің өздігінен қозғалып, екі көлік құралына зақым келгенін анықтады. Оқиға кезінде жүргізуші кабинада болмаған. Сақтандыру компаниясы бұл оқиғаның сақтандыру жағдайы емес екенін көрсетіп, төлем жасаудан бас тартты, өйткені көлік құралын жүргізуші басқарған жоқ, демек көлік құралын пайдалану жүзеге асырылмаған.

Сот іс материалдары мен заң нормаларын зерделей келе, мүлікке келтірілген зақым көлік құралын жүргізбеген кезде орын алды деген қорытындыға келді, осыған байланысты сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Сот шешімі заңды күшіне енді.