Павлодарда сегізінші қабаттан сәби құлап кетті
Оқиға Ак. Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем қызметіне қоңырау сағат 20.16-да түскен.
– Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына төрт минутта жетті. Сегізінші қабаттан сәбидің құлап кеткені анықталды, – дейді басқармада.
2017 жылы туған ұл бала өмірмен сәйкес келмейтін дене жарақаттарын алған.