Павлодар облысында мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік басқарған

Павлодар облысында мыңнан астам жүргізуші мас күйінде көлік басқарған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жыл басынан бері өңірде сот шешімімен 943 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің арасында мас күйінде рөлге отырғандар көп. Жыл басынан бері осындай 1049 дерек тіркелген.

Тағы 511 жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Жол қозғалысы ережелерін бұзып, басқа қатысушыларға зиян келтірген 167 жүргізуші анықталды.

– Полиция азаматтарды көлік құралын басқару құқығы болмаған жағдайда рөлге отырмауға шақырады. Өз өміріңізге және жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеңіздер, – деп ескертті ведомстводан.

Сонымен қатар 37 жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талабын елемей, көлікті мас күйінде басқарған.

Полиция құқық бұзушылар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылатынын еске салды.