Павлодарда сенбі күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтпейді
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімі мәлімдеді.
- Қолайсыз ауа райы жағдайына және алдағы уақытта қатты аяздың болжануына байланысты, 28 ақпанға жоспарланған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілмейді. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу ауа райы тұрақтанғаннан кейін қайта жалғасады, - делінген хабарламада.
Дәстүрлі апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің өтетін күні туралы қосымша хабарланатын болады.
Ұйымдастырушылар тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.