Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды

Павлодарда сейфте мылтық пен алтын сақтаған тұрғынға айыппұл салынды
Фото: pixabay.com

58 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтық қару иелерін тексеру кезінде сақтау ережелерінің бұзылғанын анықтады.

– Ер адам сейфте аңшылық мылтықтарымен бірге алтын бұйымдарын сақтаған. Қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді департаментте. 

Сондай-ақ, иесін қарумен қауіпсіз жұмыс істеу қағидаларын қайта даярлауға мамандандырылған оқу орталығына жіберу туралы қаулы шығарылды. Қару тәркіленді, оқу курстары аяқталғаннан кейін және бұзушылықтар жойылған соң қайтарылатын болады.