Май ауданының тұрғыны бағанға соғылды

Май ауданының тұрғыны бағанға соғылды

Тәртіп сақшылары ВАЗ автокөлігімен бағанға соғылған Көктөбе ауылының 62 жастағы тұрғынын тоқтатты, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz. 

Облыстық  полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде болғаны анықталған. Сондай-ақ, оның аталған көлікке қажетті құжаттары болмаған. 

– Ол көлік  өзіне  емес, танысына тиесілі екенін түсіндірді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп хабарлады  Май ауданының полиция бөлімінде. 

Ауыл тұрғыны бұл әрекетімен өзінің өмірі мен денсаулығына ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне де қауіп төндірген. Сонымен бірге, сынған машина түрінде досына материалдық зиян келтірген.

Айта кетерлігі, биылғы жылы жүргізушілердің мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 408 фактісі, оның ішінде Май ауданында екі фактінің жолы кесілген. Барлық құқық бұзушылар қатаң әкімшілік жауапкершілікке тартылды.