Павлодарлық жас әнші Сочиде ресейлік жұлдыздармен бірге өнер көрсетті

Павлодарлық жас әнші Сочиде ресейлік жұлдыздармен бірге өнер көрсетті

Ол Анжелика Варум, Леонид Агутин, Мот, IOWA сияқты әншілермен бірге ән шырқады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының «Свет звезды» ән театрының солисі Валерия Шмулько Сочи қаласындағы «Красная поляна» шипажайында Леонид Агутиннің V мерейтойлық отбасылық білім беру форумына қатысты. Валерия 10 күн ішінде Мәскеуден келген үздік педагогтардың вокалистерге арналған хореография, хор сабақтарында болып, студияда ән жазу, сахна қорқынышын жеңу, репертуарды дұрыс таңдау, сахналық бейнені ерекше және танымал ету бойынша психологиялық дәрістер алды.

Сондай-ақ, шетелден келген өнерпаздар ресейлік әнші Лариса Долинамен кездесті. Әйгілі жұлдыз жас вокалистердің сұрақтарына жауап беріп, көптеген пайдалы кеңес берді.

Форум аясында вокалдық байқау өтті. Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам адам, Қазақстаннан Алматы, Астана, Көкшетаудан сегіз қатысушы және Павлодардан Валерия Шмулько қатысты. Валерия қатысқан 13-15 жас аралығындағы санатта 75 вокалист болды.

Қазылар алқасының құрамында бірінші арнаның «Голос», «Голос.Дети» жобаларының музыкалық продюсері Андрей Сергеев, ресейлік әнші Лариса Долина, музыкант, композитор, продюсер Илья Киреев, әнші, композитор, шоумен Андрей Давинчи, суретші, музыкант  Сократ, әнші, автор және композитор Уилли Кей болды.

Валерия алғаш рет осындай танымал музыканттардың алдында және осындай ауқымды жобада өнер көрсетті. Ол басқа да көптеген қатысушылар сияқты жүлделі орынға ие болмаса да, форумға қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Жас әнші үлкен тәжірибе мен қазылар алқасының қолдауына ие болды.  Ең жоғары баға қойған Уилли Кей Валерияға өнерді жалғастырып, шығармашылықты дамытуға кеңес берді.

Форум үлкен гала концертпен аяқталды. Валерия Анжелика Варум, Леонид Агутин, Мот, Владимир Пресняков және Наталья Подольская, Лариса Долина, Александр Маршал, Мия Бойка, Диана Гурцкая, Александр Ревва, Антон Беляев, Алексей Панайотов, IOWA сияқты танымал музыканттармен, әншілермен бір сахнада өнер көрсетті.