Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қабылданды

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлар қабылданды
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен

Бұл жоба облысымызда алғаш рет жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл жобаға бүгінгі таңда 40-қа жуық павлодарлық ерікті қосылды. Жоба еріктілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бірқатар бағыттар бойынша тартуды көздейді.

Еріктілер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, сондай-ақ оларды жою бойынша жұмыс істейтін болады.

Жобаға жұмысқа қабылдау жалғасуда. Волонтер болу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар қаласы бойынша  облыстық департаментіне хабарласу қажет. Мекенжайы: Қамзин көшесі, 37.  Анықтама үшін телефон: 8-771-305-30-43. E-mail: dmdgs_pavlodar@mail.ru.