Павлодарда жүкті әйел жол апатында зардап шекті
Дәрігерлер әйелге стрестен алған жедел реакция диагнозын қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Апат Толстой-Бұқар жырау көшелерінің қиылысында болған. 43 жастағы науқас жүктіліктің 24-ші аптасында стрестен зардап шекті. Жедел жәрдем бригадасы павлодарлықты №3 қалалық ауруханаға жеткізді.
«103» қызметінің мәліметінше, дәрігерлер бір тәулік ішінде жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендермен бірнеше жұмыс атқарды. Олардың бірі Тереңкөл мен Михайловка арасындағы жолда орын алды. Зардап шеккендердің бесеуі болды. 1974, 1985 және 1986 жылғы үш әйел және 17 жасар бала Тереңкөл аудандық ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді. Ал 65 жастағы ер адам алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін ауруханаға жатпауға шешім қабылдады.
«103» бригадалары жаяу жүргіншінің соқтығысуына байланысты екі рет шақыруға шықты. Бірінші жағдайда Павлодарда Катаев-Теплов көшелерінің қиылысында тоғыз жасар баланы қағып кетті. Түрлі жарақаттармен бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Екінші орын алған оқиға бойынша Екібастұздық 27 жастағы қыз Әуезов көшесінде зардап шегіп, Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген.