Павлодар облысында Еуропалық иммундау апталығы басталады

Павлодар облысында Еуропалық иммундау апталығы басталады
Фото: pexels.com

Иммундау апталығы 23-29 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, иммундау апталығының міндеті халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар ету, вакциналаумен қамту деңгейін арттыру болып  табылады.

– Иммундау апталығын өткізу кезеңінде медицина қызметкерлерінің күш-жігері қандай да бір себептермен ұсынылған мерзімдерде профилактикалық егулерді уақтылы алмаған халықтың белгілі бір топтарын вакциналауға бағытталады, – деп жазылған хабарламада.

Еуропалық иммундау апталығы кезеңінде вакцинация тұрғылықты жері бойынша емханаларда тегін жүргізіледі.

Вакциналау туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларға хабарласуға болады.