Павлодарда сот орындаушыларына салық бойынша талап қойылды
Тексеру барысында ондаған заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының прокуратурасы сот орындаушыларының салық міндеттемелерін орындауына жүргізілген талдау кезінде кірістерді жасыру дерегін анықтады.
Зерттеу нәтижесінде қаралған 73 сот актісін орындаушының 53-інен декларацияда көрсетілмеген қаражат табылды. Қадағалау органының араласуынан кейін олар 535,6 миллион теңгені ерікті түрде декларациялаған.
Камералдық бақылау қорытындысы бойынша бюджетке 53 миллион теңгеден астам жеке табыс салығы есептеліп, өтелді. Бұдан бөлек, міндетті төлемдерді уақытында аудармағаны үшін 10,2 миллион теңге өсімпұл өндірілді.
– Салық міндеттемелерінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Талаптарды сақтамаған атқарушыларға қатысты салықтық тексеру жүргізу мәселесі қарастырылуда.