Павлодарда су қысымы төмендеді
Оған электр желілеріндегі апат себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС хабарлауынша, 30 мамыр күні сағат 05:54-те «Атамекен» қосалқы станциясындағы жоғары вольтты өндірістік электр желісіндегі апатқа байланысты оңтүстік су тарту станциясындағы 110 кВ №145 желісінде кернеудің төмендеуі орын алған.
- Электр желілеріндегі апат салдарынан шаруашылық-ауыз су жүйесінің барлық сорғылары тоқтап қалды. Соның нәтижесінде қала бойынша су қысымы айтарлықтай төмендеді, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта сорғылар қайта іске қосылды. Су қысымын толық қалпына келтіру үшін 2–3 сағат уақыт қажет.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.