Павлодарда Төтенше жағдайлар министрімен кездесу өтеді
Шарадан кейін азаматтарды жеке қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15 маусымда сағат 15:30-да Павлодар қаласының Достық үйінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тұрғындармен кездесуі өткізеді.
Министрдің халықпен кездесуіне өзі қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын «Е-otinish» жүйесі арқылы қоя алады.
Өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін қалдыру қажет.