Павлодарда тазалық айлығы басталады

Павлодарда тазалық айлығы басталады
Фото:pixabay.com/utroja0

Қала әкімдігінің ТКШ бөлімі тарапынан арнайы техника ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

20 қыркүйектен 20 қазанға дейін Павлодар қаласында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру және тазалық айлығы өтеді. 

– Бұл күш біріктіріп, қаламызды бұрынғыдан да таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы етуге тамаша мүмкіндік, – деп атап өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Қоқыс шығару бойынша өтінімдерді 8 (775) 862-16-84 нөміріне қалдыруға болады. Сондай-ақ тазалық айлығы кезінде полигон қоқысты тегін қабылдайды.

Ауқымды акцияға барлық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және бизнес нысандары қатысады. Әкімдік барлық қала тұрғындарын белсенді қатысуға және өз үлестерін қосуға шақырады.