Павлодарда тағы бір бала биіктен құлап көз жұмды

Павлодарда тағы бір бала биіктен құлап көз жұмды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қайғылы оқиға 30 шілде күні кешке болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

— Жедел жәрдем қызметіне шақырту сағат 19:23-те Торайғыров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен түсті. Шақырту себебі – биіктен құлау. Медициналық бригада бірінші санаттағы жеделдік бойынша оқиға орнына жіберіліп, небәрі 2 минутта жетті. Алайда дәрігерлер оқиға орнына келген кезде бір жарым жастағы ұл баланың қайтыс болғанын тіркеді, - делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде.