Павлодарда темір жолда төгілген улы заттардың салдары «жойылды»

Павлодар-Северный станциясында төгілген күкірт қышқылын  жоюды пысықтау бойынша теміржол көлігінде арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, темір жол көлігінде апаттарының жиілеуіне байланысты іс-шараны ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің нұсқауларын орындау аясында облыстық ТЖД «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-мен бірлесіп өткізді.  

– Оған облыстық ТЖД қызметкерлері жеке құрамнан 21 адам және бес техника, сондай-ақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС персоналы жұмылдырылды, – дейді департаментте. 

Оқу-жаттығудың басында жеке құрамға, техника мен жабдыққа тексеріс жасалып, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жоспарға сәйкес ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен төгілудің салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді.

Жеке құрамға тыныс алу органдарын қорғау құралдарын және химиялық агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған арнайы костюмдер кигізіліп, цистернаға таңғыш салды, бұл ТЖ жоюға мүмкіндік берді.

Оқу-жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізілді және толық көлемде орындалды.

Видео: ҚР ТЖМ

Фото: Павлодар облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобы