Павлодарлық тұрғын ұрланған малын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Павлодарлық тұрғын ұрланған малын тауып берген полицейлерге алғысын білдірді
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Мал Сарышығанақ ауылдық округінің дала аймағында түгел табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің басшылығының атына Павлодар қаласының тұрғыны Бақыт Омарбековадан алғыс хат келіп түскен. Онда тұрғын былтырғы жылдың 24 желтоқсанында еркін жаю орындарынан ұрланған мал ұрлығын ашудағы адал еңбегі мен жеделдігі үшін Ақсу қаласы полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысы жолданған. 

– Полицейлердің арқасында мал Сарышығанақ ауылдық округінің дала аймағында түгел табылды. Біздің отбасымыз үшін мал күнкөріс көзі, көп жылдық еңбектің нәтижесі және тұрақтылықтың негізі еді. Осыған байланысты жағдайды шешуге зейін, кәсібилік және нақты қызығушылық танытқан жеке құрамға шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Сізге зор денсаулық, кәсіби табыс және адамдарға қызмет етуде күш-қуат тілеймін, – деп жазады тұрғын.

Осы ретте тәртіп сақшылары азаматтарға өз малдарын сақтау шараларын кезекті рет қабылдауды ұсынады. Тәжірибе көрсеткендей, малды ұрлау мен жоғалтудың басым бөлігі ауыл тұрғындарының немқұрайлылығынан, малды қараусыз қалдырудан болады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше еркін жайылым үшін малшы жалдау, шаруашылық аулаларын сенімді қоршаулармен және құлыптармен нығайту қажет екенін еске салады.