Павлодарда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтуде
Оқу-жаттығуды терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар облыстық жедел штабы жүргізеді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz..
Терроризмге қарсы күрес бойынша Павлодар облыстық жедел штабының мәліметінше, жаттығу 2023 жылғы 28 сәуірде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Павлодар қаласының «Alcazar Ltd» ЖШС аумағында өтеді.
Мақсаты – мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын барынша азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындаудағы тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
– Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Тексерілмеген ақпаратты немесе фото-бейне суреттерді жариялаудан аулақ болыңыздар, – деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге саламыз, бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабына сәйкес, заң бойынша тәртіптік жазаға тартылады.