Павлодарда есірткімен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері анықталды

Павлодарда есірткімен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күдіктілер ұзақ уақыт бойы мессенджер арқылы есірткі сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің ҰҚКБ жедел уәкілдері Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен  қылмыстық топтың құқыққа қарсы қызметінің жолын кесті.

– Топ мүшелері ұзақ уақыт бойы Telegram мессенджеріндегі интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын өткізумен айналысқан. Топтың әр мүшесінде өз рөлі болған,– деді департаментте. 

Интернет-дүкен тұрақты негізде «жылдамдық» психотроптық заттарды сатты. Атап айтқанда, олар күн сайын 30-дан 50-ге дейін психотроптық заттардың қаптамасын түрлі жерлерге қалдырған. Топ мүшелері психотроптық заттарды гипс пен пластилинмен орап, тастардың астына жасырды. 

Мәселен, 28 қазанда жедел-тергеу іс-шараларын өткізу барысында Павлодар қаласының төрт тұрғыны, атап айтқанда интернет-дүкен иесі, сату операторы, ораушы және курьер ұсталды. 

Іс-шаралар кешенінің нәтижесінде, айыпталушылардың қылмыстық әрекеттері дәлелденді және заттай дәлелдемелер алынды. 

– Есірткі және психотроптық заттарды өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды,– деді облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Бес күдіктіден психотроптық және есірткілік заттар, ұялы телефондар, сим-карталар, ноутбуктер тәркіленгенді.

Полиция департаменті есірткі қылмыстарымен байланысты қылмыстар жасағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін ескертеді.