Павлодарда Ертісте жоғалған ер адамның денесі табылды
Құтқарушылар өзен акваториясы мен жағалау сызығын бірнеше күн бойы тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
21 маусым күні жоғалып кеткен 1994 жылы туған ер адамды іздеу жұмыстары аяқталды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу шаралары Орталық жағажай аумағында жүргізілген. Хабарлама түскен сәттен бастап жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ертіс өзенінің су айдыны мен жағалау сызығын тексерген.
– Іздеу жұмыстары барысында құтқарушылар ер адамның денесін тауып, судан шығарды, – деді ведомствода.
Іздеу кезінде жүзу құралдары, сүңгуір жабдықтары және эхолот пайдаланылды.
Облыстық ТЖД тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңызын еске салды.