Павлодарда WhatsApp арқылы көрсеткіш тапсыру тәртібі өзгереді

Павлодарда WhatsApp арқылы көрсеткіш тапсыру тәртібі өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

20 қыркүйектен бастап электр энергиясы мен ыстық су көрсеткіштерін арнайы сілтеме арқылы жіберу қажет болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, мессенджер арқылы есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау жүйесі жаңартылды. Тұрғындарға жаңа қосымшаларды жүктеудің немесе тіркелудің қажеті жоқ.

Жаңа алгоритм бойынша көрсеткішті жіберу үшін:

  • +7 702 739 54 53 WhatsApp нөміріне кез келген хабарлама жазу керек;
  • Автоматтандырылған жүйе жауап ретінде ресми сілтеме жібереді;
  • Сілтемеге өтіп, электр энергиясы мен ыстық судың ағымдағы көрсеткіштерін енгізу қажет.

Сондай-ақ тұрғындар түбіртектің арғы бетінде орналасқан QR-кодты сканерлеу арқылы да көрсеткіш енгізу бетіне жылдам өте алады.

Бұдан бөлек, көрсеткіштерді бұрынғыша басқа да байланыс арналары арқылы жолдауға болады:

  • Telegram-дағы чат-бот: @ПРЭКбот;
  • IP-телефония және дауыстық пошта: 8 (7182) 903-309;
  • Электронды пошта: KPS@PAVLODARENERGO.KZ;
  • Кривенко көшесі, 27 мекенжайындағы өтініштерге арналған жәшік;
  • WWW.PAVLODARENERGO.KZ ресми сайтындағы жеке кабинет.