Павлодарда жаңа пәтерге көшкендер құжаттарын жаңартады
Сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша шарт жаңартылуы тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС⠀пәтердің иесі ауысқан жағдайда сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша шартты күнтізбелік 10 күн ішінде қайта жаңарту қажет екендігін ескертеді. Ол үшін келесі құжаттар талап етіледі:
1) Жеке куәлік;
2) Құқық белгілейтін құжаттар – сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарты;
Мұндай құжаттар болмаған жағдайда, сіз құқық ауыртпалығы туралы анықтама бере аласыз (ТҚО-да немесе e-Gov жеке кабинеті арқылы алуға болады);
3) Тіркелген тұлғалардың анықтамасы (ТҚО-да немесе e-Gov жеке кабинеті арқылы алуға болады).
Айта кетейік, толығырақ ақпаратты @pavlodar_vodokanal instagram парақшасынан білуге болады.