Павлодарлықтар ауыл өнімдерін сатып ала алады

Павлодарлықтар ауыл өнімдерін сатып ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Табиғи өнімдер арнайы жәрмеңкеде сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуір күні Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Успен, Тереңкөл, Аққулы аудандары және Павлодар қаласы сияқты аудандардың тауар өндірушілері қатысады.

Мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы.