Павлодарда жануарларды вакцинациялау науқаны басталды

Павлодарда жануарларды вакцинациялау науқаны басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол аса қауіпті аурулардың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді. 

– Ветеринариялық профилактикалық және диагностикалық жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға, уақытылы анықтауға және таралуына жол бермеуге, сондай-ақ эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын қорғауға бағытталған, - делінген хабарламада. 

Биыл ауыл шаруашылығы жануарларын  аса қауіпті 8 ауруға қарсы вакцинациялау бойынша 5,9 миллион манипуляция алынды. Оның ішінде туберкулезге 162,9 мың аллергиялық зерттеулер, 6,9 мың иттерді дегельминтизациялау (етқоректілердің эхинококкозы), ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезіне 1,2 миллион диагностикалық зерттеулер өткізу жоспарланған.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңның 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері өз жануарларын уақтылы вакцинациялауды және диагностикалауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ветеринариялық іс-шараларды орындау кезінде ветеринариялық мамандарға жәрдем көрсетуге міндетті.

Ветеринарлар алдын алу шараларын уақтылы орындау — қауіпсіздік пен тұрақты эпизоотиялық жағдайдың кепілі екенін ескертеді.