Ақсу қаласында ең үздік әншілерді анықтайды

Ақсу қаласында ең үздік әншілерді анықтайды

Байқаудың жеңімпазы бағалы сыйлыққа ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Ақсу қаласының Жастар бастамасын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ақсу дауысы» атты вокалдық байқау өтеді. 

– Өтінімдерді қабылдау 10 шілдеде аяқталды.  Байқауға қатысушыларды тыңдау кезеңі 19 шілдеге жоспарланған , –дейді ұйымдастырушылар.

Вокалдық конкурсқа барлығы 32 адам қатысуға ниет білдірген. Олардың барлығына  естелік сыйлықтар мен дипломдар берілетін болады. Ақсу  қаласының ең үздік дауысын атағын алған әншіге тұрмыстық техника сыйлайды. 

Байқау 20 шілдеде сағат 19:00-де Ақсу қалалық саябағында болады.

Фото: ашық дереккөздерден алынған.