Павлодарлық мың оқушы тегін үйірмелерге қатыса алады
«Artsport» әзірлеушілері ваучерлердің кезекті бөлігін таратты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында «Artsport» бағдарламасы бойынша шығармашылық тапсырысты бөлу аяқталды. Өңірдің үш қаласы мен ауданынан 500 бала мен жасөспірім шығармашылық үйірмелер мен студияларда тегін оқуға мүмкіндік алады.
Ваучерлер он күннен кейін жарамды болады.
Бұл мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша ваучерлерді бір жылда екінші рет бөлу. Осылайша, қаңтар айынан бастап мыңнан астам бала бағдарламаның жаңа қатысушысы атанды.