Павлодарда «Жасыл ел» жасақтарының ХХ маусымы ашылды
Биылғы еңбек маусымында бағдарламаны іске асыруға облыс бойынша 2100-ден астам адам атсалысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастарды дамыту орталығында «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» ММ қолдауымен «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар жасақтарының Павлодар облыстық штабының ашылу рәсімі өтті. Мерекелік кешке облыстың барлық аудандары мен қалаларының аймақтық штабтарының сарбаздары қатысады.
Іс-шара жаңа еңбек маусымын салтанатты түрде бастап, «Жасыл ел» жастар бағдарламасын іске асыру туралы ЖОО студенттері мен колледж оқушыларын, облыстың ауыл және жұмыссыз жастарын хабардар етуге, сондай-ақ баулуға бағытталған.
Еңбек маусымының ашылуын мерекелеу қазіргі жұмысшы жастар үшін маңызды ынталандыру, оның алдында еңбек қызметін ұйымдастырудың барлық маңыздылығын ашуға тиіс.
«Green Team» – жастар саясатына, экологияға қызығатын жастардың жасағы. Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабының белсенділері деп саналады. Медиа жасағының сарбаздары «Жасыл Ел» қызметін әлеуметтік желілерде жариялайтын болады.
– Құрметті сарбаздар, «Жасыл Ел» жауынгерлерінің күшімен ел бойынша қалалар мен аудандарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Отандық экологиялық отрядтардың жауынгерлері 5000 гектардан астам аумақты 6000 тоннаға дейін қоқыс шығарды. Біздің өңірлік штаб республика қатарынан бірнеше рет үздік боп танылғаны біз үшін мақтаныш, - дейді облыс әкімінің орынбасары Дәурен Карленұлы.
Орынбасардың сөзінше, құрылыс отрядтарының жауынгерлері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылыстары, Усолка, Сарыарқа және Достық шағын аудандары, «Баянтау» спорт кешені, алғашқы Қазақстандық электролиз зауыты, онкологиялық диспансер, оқу орындары корпусының басқа да маңызды стратегиялық объектілері кіреді.
– Бүгінгі жиын сарбаздар үшін маңызды деп ойлаймын. Бұл жылы көптеген қызықты экологиялық жобаларды жүзеге асырамыз. Сондай-ақ, жаңа акциялар өткізу жоспарлануда, – дейді Павлодар облыстық «Жасыл Ел» штабының директоры Русана Самекова.
Аталмыш бағдарлама экология және абаттандыру, құрылыс, шығармашылық сынды негізгі үш блокты қамтиды. Мәселен, алғашқы блокта сарбаздар жасыл желектерді күтуге, көгалдар мен гүлзарлар орнатуға, облыстың қалалары мен аудандарындағы елді мекендерді абаттандыруға тартылатын болады. Екінші блокта «Қайта қалпына келтіру» жасақтары аймақтың әлеуметтік нысандарын, табиғи көрікті жерлерді қалпына келтірумен және жөндеумен айналысады. Бұдан бөлек, «Студенттік құрылыс жасақтары» өздерінің оқу орындары мен жатақханаларын қалпына келтірумен айналысады. Ал соңғы блокта «Еріктілер жасағы» жалғызбасты қарт адамдарға, ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге тұрмыстық көмек көрсетеді.
– Бұл бағдарламада жұмыс істегеніме он жыл болды. Кезінде алғашқы қызметімді Аққулы ауданының сарбазы ретінде бастадым. Штаб Отанға деген патриотизмді тәрбиелейді, - дейді Павлодар ауданы Ұлттық штабының командирі Заур Совет.
Спикердің сөзінше, осы уақыт аралығында көптеген қызықты оқиғаларды бастан кешірді. Биыл Павлодар ауданында төрт ауылдық округте 20 адам жұмыс істейтін болады. Шілде айының соңында ауданның ашылуы жоспарлануда. Бұдан бөлек, ең төменгі жалақымен қатар, облыстық штабтан 95000 теңгеге жуық қосымша ақы төленеді.
– Бірінші тамыздан бастап, жауынгерлер әлемді гүлдендіруге аттанады, – дейді ол.
Сондай-ақ, жиын барысында Павлодар облыстық «Жасыл Ел» штабының директоры Русана Самекова облыс әкімінің орынбасарына «Жасыл Ел» командирінің төсбелгісін табыс етті.
– Маған бәрі ұнайды. Мен шамамен бір ай жұмыс істеймін. Елімізге көмек көрсетуді өз міндетім деп санаймын, – дейді 17 жастағы «Жасыл Ел» штабының белсендісі Рамиль Ягудин.
Айта кетейік, павлодарлық «Жасыл Ел» штабы өткен еңбек маусымдарының қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік штабы» номинациясына ие болды.