Павлодарда «Жастар практикасы» жас мамандарға жаңа мүмкіндік беріп отыр
Байқауға жасы 35-тен аспаған азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының «Мансап» орталығы жастарды еңбек жолын бастауға және кәсіби бағытын дамуға мүмкіндік беретін «Жастар практикасы» бағдарламасына қатысуға шақырады.
Бағдарламаға оқу орнын соңғы 5 жыл ішінде тәмамдаған, алған мамандығы бойынша еңбек өтілі жоқ және жасы 35-тен аспаған азаматтар қатыса алады. Жоба аясында жастарға жеке ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде тәжірибе жинақтап, өз саласында алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беріледі.
«Жастар практикасы» тек уақытша жұмысқа орналасу мүмкіндігі ғана емес, жас мамандардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге, еңбек нарығында өз орнын табуға және тұрақты жұмысқа орналасуға жол ашатын маңызды қолдау шарасы.
Бағдарламаның тиімділігіне қол жеткізген жастың бірі - Павлодар қаласының тұрғыны Гүзәл Қайырбекқызы. Ол 2025 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Биыл жұмысқа орналасуға жәрдем алу мақсатында Гүзәл Павлодар қаласының Мансап орталығына жүгінген. Үміткердің білімі мен қабілеті ескеріліп, оған «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 6 маусымында жас маман бағдарлама аясында 12 ай мерзімге жұмысқа орналастырылады. Алайда өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби білімі мен белсенділігін таныта білген Гүзәлдің еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде 22 маусымда ол өз мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа қабылданып, Су ресурстары комитетінің экология саласындағы мемлекеттік мекемесінде «эколог» лауазымына орналасты.
Бұл – «Жастар практикасы» бағдарламасының жас мамандар үшін нақты мүмкіндік екенін көрсететін мысал. Жоба арқылы жастар еңбек тәжірибесін жинақтап қана қоймай, кәсіби қабілеттерін дәлелдеп, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Павлодар қаласының Мансап орталығы жастарды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырады.
Қосымша ақпаратты Павлодар қаласындағы Мансап орталығынан алуға болады.