Павлодарда жаңа жылдық корпоративтер қарсаңында санитарлық талаптар жайлы ескертілді

Павлодарда жаңа жылдық корпоративтер қарсаңында санитарлық  талаптар жайлы ескертілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзекті мәселелер бойынша облыс кәсіпкерлері бас қосты, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығының өзекті мәселелері бойынша облыс кәсіпкерлерімен кезекті семинар өткізді.

– Жаңа жылдық корпоративтерді өткізу қарсаңында қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсететін кәсіпкерлерге қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын негізгі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, оның ішінде рұқсат беру құжаттарын алу, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, медициналық тексеруден өту, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар айтылды, ескертілді, – деді палатада. 

Сондай-ақ кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы органның бақылау-қадағалау қызметінің өзгерістерімен таныстырды. Сондай-ақ, қатысушыларға аймақтағы жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтылды.

Кәсіпкерлер талқылауға белсенді қатысты. Ал мамандар барлық қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер берді.