Павлодар жастары көшелерді көріктендіруге үлес қосады

Ұйымдастырушылар қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жазғы жұмыспен қамтуды облыстық «Жасыл ел» штабы қамтамасыз етеді.
– Өз жұмысына «ЭКО-Жастар» экологиялық жасағы ынта-жігермен және табиғатқа қамқорлықпен кірісті. Олардың әр таңы енді телефоннан емес, қолғап пен кетпен ұстаудан басталады. Олар осылайша табиғатқа үлкен қамқорлық жасауды үйренеді, – деді жасылелдіктер.
Балалар бір ай бойы сүйікті қаламыздың игілігі үшін – гүлзарларды ретке келтіру және қопсыту, көшелерді көріктендіру, арамшөптерді жұлу жұмыстарымен айналысады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ЭКО-Жастар» айналасындағыларды жақсылыққа үндеп, экологиялық жауапкершілікке шабыттандырады.