Павлодарда желге ұшқан шатырдың астында қалған екі адамның жағдайы белгілі болды
Кешегі оқыс оқиғадан зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
"Артур-1" сауда үйінің желге ұшқан шатырының астында қалып қойған екі ер адамды қабылдаған қалалық бірінші ауруханасы науқастардың бүгінгі жағдайы туралы мәлімдеді.
- Екі науқастың бірі полижарақаттар бөліміне ауыстырылды. Жағдайы тұрақты. Ол толық есін біледі. Науқастың жағдайы жақсарғаннан кейін қажетті ота жасалады, - деді ауруханадағылар.
Екі науқаста қажетті ем-домды алып жатыр.
Еске сала кетейік, «Артур» сауда үйінің шатыры мен бүйір жабынының опырылуы салдарынан екі адам зардап шекті.
Ал бүгін кеше шатыры желге шыдас бермей, опырылып түскен «Артур-1» сауда үйінің басшылығы төтенше жағдайға қатысты түсінік беріп, зардап шеккендерден кешірім сұраған болатын.
Қалада әлі де апатты жою жұмыстары жалғасуда.