Павлодар облысында Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы төлемдер артады

Павлодар облысында Ауған соғысы ардагерлеріне біржолғы төлемдер артады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда төлемдер жүргізілсе де, қосымша мөлшері берілу тиіс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 600-ден астам Ауған соғысы ардагері тұрады.

Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні қалалар мен аудандардың жергілікті өкілді органдарының шешімі бойынша жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға 150 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемдер көзделген. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысы және облыс әкімінің келісімі бойынша бітімгершілік операцияларды жүргізу, шекараларды күзету, Этносаралық қақтығыстарды реттеу, ЧАЭС-ті жою кезінде қатысқан, Ауғанстан аумағындағы қимылдарға қатысушыларға және әскери қызметшілерге біржолғы төлемдердің мөлшері 50 АЕК-ке дейін ұлғайтылды және белгіленді. Ақшалай баламасы 196,6 мың теңгені құрайды.

– Бүгінгі күні Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға төлемдер 150 мың теңге мөлшерінде жүргізілді және нормативтік құқықтық актілер сәйкес келтірілгеннен кейін белгіленген мөлшерден айырма қосымша төленетін болады, – деді басқармада.

Әскери қызметшілердің қалған санаттарына төлемдер тиісті атаулы күндер қарсаңында 196,6 мың теңге мөлшерінде жүргізіледі.