Павлодар облысында АӘК тағайындауға құжат қабылдау басталды

Павлодар облысында АӘК тағайындауға құжат қабылдау басталды

Кедейлік шегінің мөлшері бірінші тоқсанда 39 571 теңгені құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс бойынша 5 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмекті 1‐тоқсанға тағайындауға құжаттарды қабылдау жүзеге асырылады. 

– АӘК алуға үміткер адамдар немесе отбасылар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіне алады, сондай-ақ ЭЦҚ болған кезде үйден шықпай-ақ «Электрондық үкімет порталы» арқылы өтінім бере алады, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында.

Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.