Павлодарда жаңа мұз сарайында 1200 орындық концерт залы орын алмақ
Ол жерде хоккей, шорт-трек, конькимен жүгіру спортымен шұғылдануға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әкімдікте Достық шағын ауданында салынатын жаңа нысандардың құрылысы талқыланды. Бұған дейін аймақ басшысы Асайын Байханов мұз аренасын және шығармашылық, мәдени іс-шараларды өткізуге арналған көпфункционалды кешен салу үшін сәулет-жоспарлау шешімін әзірлеуді тапсырған болатын.
Хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен шұғылданатын аумағы 20 000 шаршы метр құрайтын мұз сарайына 3,4 га учаске берілді. Көпфункционалды кешеннің жобасы 1200 орындық концерт залын қамтиды.
Жаңа жобаларды 2024-2025 жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі және инвестициялар тарту арқылы іске асыру жоспарлануда.
– Облыс тұрғындары бұл мәселелерді көптен бері көтеріп келеді, әсіресе, спортты дамыту – мәдени тәрбие мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Облыс әкімі сәулет және қала құрылысы басқармасына 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әрбір нысан бойынша тұжырымдамалық жоспар әзірлеуді, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына салалық басқармалармен бірлесіп, осы жобаларды қаржыландыруды қарастыруды тапсырды.