Павлодарда жыл соңына дейін фермерлер базары кеңейтіледі
«Jailau» базарында қосымша сауда орындары пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Фермерлер базарының жұмысымен жұмыс сапары барысында Қазақстан сауда және интеграциясының бірінші вице-министрі Айжан Бижанова танысты.
2022 жылы ашылған базар «Павлодар» ӘКК балансында. Сауда алаңы – 1300, қойма – 1000 шаршы метр. Шатырдың астында ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған жүз тегін орын бар, көтерме саудагерлер үшін де жағдай жасалған.
– Бұл базарда жалдау ақысы бір шаршы метрге – 2500 теңге, ал қала бойынша орташа баға – 8-10 мың теңге, – дейді «Павлодар» ӘКК АҚ басқарма төрағасы Тимур Жантеміров. – Нарықта жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қойылады.
Ветсанинспектор Айгүл Томатаеваның айтуынша, сатылымға шығатын барлық өнім міндетті түрде зертханада санитарлық сараптамадан өтеді. Мамандар күніне 20-ға дейін ауыл шаруашылығы жануарының өлекселерін тексереді.
«Jailau» базарында тауар сату үшін қосымша орындар қажет, сондықтан қойманы жылы сауда үйіне айналдыру жоспары бар. Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
– Базар жаңғыртылғаннан кейін сүттің ауданы 24 шаршы метр жеке модульдік ғимартта сататын боламыз. Онда екі танкер орнатылады және сатып алушылар күн сайын шикі сүт ала алады, – деді базар директоры Қанат Әбдуәлиев.
58 сауда орнына есептелген 612 шаршы метрдегі «Jailau» базарын жаңғыртуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жобаның құны – 244 миллион теңге.
Айжан Бижанованың пікірінше, сауда орнын жалдау шартын жасасу кезінде жұмыс шарттары – өнімнің жоғары сапасы мен әлеуметтік бағасы бірден келісілетіні дұрыс.
Айта кетерлігі, Ақсу қаласында ӘКК базасында осындай базар салынуда. Ол қазан айында таныстырылады.
«Jailau» нарығына екі жыл ішінде фермерлер төрт миллиард теңгеге 4,5 мың тоннаға жуық өнім сатқан. Оның жартысы – жергілікті көкөністер мен картоп.
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күндері сатып алушылар Павлодар базарына трамваймен тегін жете алады.