Павлодарда іздеуде жүрген 15 қылмыскер қолға түсті

Павлодарда  іздеуде жүрген 15 қылмыскер қолға түсті
Фото: Константин Шелков

Олардың ішінде ауыр қылмыс жасағандар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысының жедел қызметкерлері әртүрлі қылмыстарға қатысты тергеу органдарынан жасырынған қылмыскерлердің орнын анықтады.

- Олардың ішінде тонау, ұрлық, зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғалары, көлік ұрлығы және есірткі қылмыстары бойынша іздеуде жүргендер бар. Мысалы, жол-көлік оқиғасын жасап, туған елінде қаржыны жымқырғаны үшін іздеуде жүрген Тәжікстан Республикасының азаматы ұсталды,  – деді облыстық полиция департаментiнің баспасөз қызметі.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Полицейлер іздеу жариялаған Душанбедегі әріптестеріне хабар берген.  

Тәртіп сақшылары әділеттен қашып құтылу абырой бермейтінін ескертеді.