5 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі

5 маусымда Павлодар облысында жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сынап бағанасы түнде +17...+22, күндіз +25..+30 градус көрсетеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде кейде қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 метрді құрайды. 

Павлодар қаласында күн бұлттанып, күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Түнде +17..+19, күндіз +27...+29 градус ыстық болады.