Павлодарда қанша үй жылыту маусымына дайын?

Павлодарда қанша үй жылыту маусымына дайын?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеужеліде 400-ге жуық үйдің тізімі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда 390 үй 2024-2025 жылыту маусымына толықтай дайын. 

Үйлеріңізді жылыту маусымына дайындық барысы туралы ақпаратты қызмет көрсететін ұйымдардан тексеріңіз, – дейді бөлімнің баспасөз орталығында.

Үйлердің тізімі осында.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайын емес үйлердің де тізімі жарияланды.