Павлодарда 20 ақпан күні бірқатар үйде су болмайды

Павлодарда 20 ақпан күні бірқатар үйде су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Технодом» сауда үйінде ысырманы алмастыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 ақпан күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:

  • Жаяу Мұса көшесі, 2, 7, 7а, 7б;
  • Н. Назарбаев даңғылы, 200, 200к1, 200/1, 200/2, 200/9, 202;
  • Баратбаев, Кунавин көшелері бойындағы жеке үйлер;
  • Баратбаев көшесінен Амангелді көшесіне дейінгі аралықтағы Бірлік көшесі.

Компания тұрғындардан уақытша қолайсыздық тудырғаны үшін кешірім сұрайды.