Павлодарда қарды уақытылы шығармаған 3500-ге жуық адам жазаланды

Павлодарда қарды уақытылы шығармаған 3500-ге жуық адам жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары ұйымдар мен қала маңындағы аумақтардан қарды жинау және уақытылы шығару жайлы еске салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар қаласы полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясының инспекторлары коммуналдық қызметтер бөлімімен бірге жолдарды, тротуарларды жинау және тәулік бойы көктайғаққа қарсы материалдар себу жұмыстарын жүргізуде. 

– Бұл мақсатқа 100 техника және 200-ден астам адам жұмылдырылды. Қарды уақытылы жинамағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес жаза қарастырылған, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Айта кетерлігі,  ағымдағы жылы 6565 азамат жазаланды, оның ішінде тек 3464 азамат – Павлодар қаласының тұрғындары. Барлық құқық бұзушыларға айыппұл салынды.