Павлодарлық волонтердің ұлына көмек қажет

«VITA» іздеушілер тобы қайырымдылық акциясын бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда «VITA» іздеушілер тобының парақшасында алты жастағы ерекше баланың ем-домына көмек көрсету мақсатында қайырымдылық бастамасы жарияланды. Қолдау Егор есімді балаға бағытталған. Ол — топтың белсенді волонтері әрі жетекшісі Екатеринаның ұлы. Қазір балаға шұғыл түрде реабилитациялық ем қажет.
– Егор ауыр диагнозбен өмір сүреді – оған «атипиялық аутизм» диагнозы қойылған. Аурудың ауыр түрі баланың сөйлеу қабілеті, түсінігі, тұрмыстық дағдылары мен қауіп сезімі жоқ болуымен ерекшеленеді. Жасөспірім жылына екі рет Ресейдің жетекші емдеу мекемелерінде – Санкт-Петербургтегі Бехтерев атындағы институт пен «Доктрина», «BrainHelp», «ПланетаМед» клиникаларында ем қабылдайды. Екатерина баласын жалғыз тәрбиелеп отыр. Павлодарда да Егор ақылы дамыту сабақтарына қатысады, сондықтан кезекті реабилитацияға қажетті қаражатты жинау үшін қоғамның көмегі қажет болып отыр, – деп жазды «VITA» іздеушілер тобы әлеуметтік желіде.
Жалпы алты миллион теңге қажет. Бүгінгі күні 1 015 000 теңге жиналған, қалғаны 4 985 000 теңге.
Қайырымдылық көмек көрсетуге дайын азаматтар Kaspi Gold 4400 4302 2590 6962 шотына немесе +7(747)615-55-63 нөміріне (анасы Екатерина) аударым жасай алады. Бұл нөмір Halyk Bank жүйесіне де тіркелген.
Іздеушілер тобының хабарлауынша, бұл бастама — «Бес жүз теңгелік күн» атауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар кез келген мөлшерде көмек көрсетуге ниетті азаматтарға алғысын білдіреді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram