Павлодарда қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші жазаланды

Павлодарда қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізуші жазаланды
Фото: Константин Шелков

Ол «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық шарасы барысында анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыста «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық шарасы ұйымдастырылды. Онда полицейлер жолаушылар тасымалдайтын көліктердің техникалық жай-күйін тексеруде.

Тәртіп сақшылары көбіне такси және қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін сақтамай, жиі бұзатынын айтып дабыл қағуда.

– Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпау, тиісті бағыттағы жарық көрсеткішін қоспау, сақтандыру полисінсіз көлік басқару, мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын көлік құралын басқару сынды құқық бұзушылықтардың жолын кесті, – дейді облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдын Нұрымов.

Мәселен, Павлодар қаласы Нұркин  көшесінде «ВАЗ 2114» автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаса, «Toyota Vista Ardeo» автокөлігінің жүргізушісі оңға бұрылу кезінде тиісті жарық көрсеткішін қоспаған.

Құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды.