Павлодарда қайықпен жағада түспекші болған адам қабырғасын сындырды

Павлодарда қайықпен жағада түспекші болған адам қабырғасын сындырды
Фото: pexels.com/Atlantic Ambience

Демалыс күндері «103» қызметкерлері судағы оқиғаға да шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Затон маңындағы қайық станциясында 1999 жылы туған жас жігіт қайықтың жағалаудағы қабырғаға соғылуы салдарынан кеудесін соғып, қабырғасын сындырған. Ол Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді.