21 қыркүйекте Павлодар облысында күн ашық болады

21 қыркүйекте Павлодар облысында күн ашық болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде + 6...+11, күндіз +17...+22 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Сынап бағанасы түнде +7...+9 градус, күндіз +20...+22 градус көрсетеді.